Аймақта қандай хабар бар?

Елдегі теңдессіз техника
Қарабалық. Қазақстандағы жалғыз Wintersteiger Alpha комбайнына қарабалықтық диқандардың қолы жетті. Австриялық заманауи агрегат 127 млн теңге тұрады. Оны сатып алуға мемлекет бөлген қаржы арқасында мүмкіндік туған. Ол бидайдың сұрыптық тазалығын сақтауға мүміндік береді. Мұның сыртында, қазына бөлген 2 млрд теңгеге екі тұқым сепкіш сатып алынған.
 
Тасаттық берілді
Қостанай. Құдайдан медет тіленіп, құрбандық шалыныды. Оған барлық мешіт қызметкерлері, имам-молдалар қатысты. Құрбандық мал еті көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. "Егін бітік шығып, қамба астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін», – деп тілек айтылды.
 
Ауылын гүлмен көмкерген
Қамысты. Жылыжай иесі Валентина Козак аудан орталығына әсем гүлдердің сан түрін өсіруде. 20 жылдық тәжірибесі бар гүл өсіруші елді мекенді абаттандыру тендерін ұтып алған. Қазір күн сайын әр сағаты сұлу өсімдіктерді суарып, баптап-бағумен өтеді. Гүл өсірушінің нәтижелі еңбегіне бейжай қарамайтын жергілікті тұрғындар разылық алғыстарын айтып жүр.
 
Бассейн – батпаққаралықтарға тарту
Амангелді. Аудан перзенді, белгілі меценат Сапар Ысқақов "Тілеп" қайырымдылық қорынан қаржы бөліп, аудан орталығына бессейн салып бермек. Құрылыс Б.Майлин көшесінде басталып кеткен. Қауыз көлемі 0,16 гектар болмақ. Мердігер – «Костанай ангар строй» ЖШС. Аудандағы ерекше жобаның сызбасын «Костанайпроект» ЖШС құрылыс ұйымы әзірлеген.
 
Оқыс өрт, шұғыл көмек
Лисаков. Өрт шыққан 2 қабатты үйден І дәрежедегі мүмкіндігі шектеулі әйел құтқарылды. Бұл өрт сөндірушілердің оқиға орнына дереу жетуі арқасында мүмкін болған. Қызыл жалын мен қою түтін арасында қалған 39 жастағы әйел қауіпсіз жерге шығарылды. Ол өрт кезінде жатын бөлмесінде болған. Түтінге тұншыққандықтан, қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
 
Құдай қақты
Қостанай. Орталық қалалық жағалауда орны толмас оқиға бола жаздады. Құтқарушылар кезекшілік кезінде көмек сұраған дауысты естиді. Әйел тыйым салған жерден ары жүзіп барып, бата бастаған.Сақшылар дереу жетіп, жапа шегушіні құтқарып қалды. моторлы қайықпен жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Әйел есін жиысымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓