ҰБТ басталады
Облыста алдағы демалыс күндері ҰБТ басталады. Санитарлық қауіпсіздік мейлінше қатаң сақталады. Әр аудиторияға 40 түлектен кіргізіліп, олар екі метр арақашықтықта отырғызылады. Әрқайсысына маска тағу міндеттеледі. Сынақ өтетін нысан ерекше күзетіліп, ата-аналар аумаққа кіргізілмейді. Тестілеу уақыты 10 минутқа ұзартылып, 4 сағатқа жеткізілді. Биыл мектептердің 3 183, колледждердің 270 түлегі тест тапсырады. Сынаққа бірінші болып жітіқаралықтар 21 маусымда кіріспек. Қостанайда 26 маусымда басталады.