COVID-19: +65
23 желтоқсанда Қостанай облысында 65 адамнан коронавирус табылды.
Індетке Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. – 11, Қарабалық ауданында – 7, Қостанай ауданында – 6, Б. Майлин атындағы ауданда – 4, Федоров ауданында – 3, Әулиекөл ауданында және Арқалық қ. 2 адамнан, Жітіқара қ. Денисов, Қамысты, Меңдіқара аудандарында 1 адамнан шалдыққан.
49 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 6 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында, 2 адам Мысырдан әуе көлігімен ұшып келген кезде профилактикалық мақсатта тексеріліп, бәріне КВИ диагнозы қойылды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 20 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 23 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 7073 адам жұқтырған.