Тәртібіне мәдениеті сай

Өткен күзде ғана тұсауы келген Қостанайдың №28 мектеп-гимназиясында арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптары ашылғаны көпшіліктің есінде. Қазіргі таңда аталмыш мектепте әскери бағыттағы 10 сынып болса, оларда 170 сарбаз білім алып, тәрбиеленуде. Енді, міне, білім ордасы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өздерінің алғашқы «Жас сарбаз балын» өткізіп отыр.IMG_5244
IMG_5095Бұл шараның мақсаты бір – би өнерінің мәдениеті және тарихымен өскелең ұрпақты таныстыру, өскелең ұрпақтың  шығармашылық қабілетін  дамыту, рухани дамыған, әдеп ережелерін білетін тұлғаны қалыптастыру. Тарихта алғаш вальс биі ХVІІІ ғасырдың 70-ші жылдары Оңтүстік Германия мен Австрияда кең тараған шаруалар биінің лендлер деген түрінен бастау алған. ХІХ ғасырда бүкіл Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады. Қазақ музыкасында вальс дәстүрі М.Төлебаев, Л.Хамиди, Ш.Қалдаяқов, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев шығармаларында үлкен орын алады.
Бүгінгі шараға қалалық білім бөлімі, қалалық кәсіподақ, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, облыстық қазақ драма театры басшылығы, ата-аналар, ұстаздар арнайы шақырылғанын айта кету керек.IMG_5194
IMG_5197IMG_5214– Біздің білім ордамыздың есігін ашқанына көп уақыт өтпесе де, шәкірттеріміз білім, мәнерлеп оқу, шығарма жазу, өнер салалары бойынша қалалық, облыстық, республикалық байқауларда жоғары орындардан көрініп жатыр. Енді бүгін олар өздерінің жоғары мәдениетті азамат болып қалыптасуын би, ән өнерімен дәлелдеуде. Қазіргі таңда жас сарбаздарымыздың жан-жақты өрістеуі мен бағыт алуы үшін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен және қалалық білім бөлімімен бірлесіп алдымызға үлкен жоспар қойып отырмыз, – деді №28 мектеп-гимназиясынын директоры Айгүл Қазиева құттықтау сөзінде.
Сахнаға оқу ордасы шәкірттерінің алдыңғы шебі барабан соғып шығып, оларға қосылған барлық ант иелері «Жас сарбаз» гимнін шырқап берді. Ал шәкірттер қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтын «Ақ бантик» әніне арналған эстрадалық вальсінің ырғағында алғашқы жұптасу биімен өнер көрсетті.IMG_5105
IMG_5111Шәмшінің «Кешікпей келем деп ең» әніне сарбаздардың арнайы дайындаған эстрадалық вальсі, «Француз вальсімен» қатар, 11 «А» сынып жас сарбазы Д.Баймұханованың, 8-сынып жас сарбазы М.Бектаеваның, 11-сынып оқушысы Зарина Майқанованың орындауындағы әсерлі әндерге ұл-қыздар дөңгелене билеп берді.IMG_5119
IMG_5260Би кешінде тек мектептің жас сарбаздары ғана емес, сонымен қатар ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы академия курсанттары мен «Динамика» спорттық би клубының тәрбиеленушілері мерекеге арналған би шашуын ала келіпті. Ал мектеп мұғалімдері де «Ұстаздар вальсімен» көпшіліктің қошаметіне бөленді.IMG_5307
IMG_5152Жас сарбаздар балы «Жаса, Қазақстан!» патриоттық әнімен қортындыланды.IMG_5332
IMG_5378
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓