Мектеп алаңындағы жазғы демалыс
Жадырап жаз келді. Биылғы оқу жылы еліміздегі карантинге байланысты ерекше жағдайда аяқталды. Балалар күн ұзақ үйде, компьютердің алдында отырып жалыққан. Қаладағы №24 мектеп-гимназия жанынан жазғы «Профильдік мектеп алаңы» маусым айынан бастап өз жұмысын бастады.
Біздің балаларымыз 2«А», 2«Б» сынып оқушыларынан тұратын «Жалын» тобында болды. Онда балалар таңғы 9:00-ден 12:00 дейін болып, бір уақыт далада таза ауада ойнаса, бір уақыт ой-өрістерін жан-жақты дамытады. Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, вокал үйірмесі, робототехника, қауіпсіздік əлемі сияқты және əр түрлі тренингтер жүргізілді.
«Жалын» тобының жетекшілері Маржангүл Байбосынқызы, Алмагүл Сайданқызы балалардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастыра білді. Балалардың жан-жақты болуына алаңда барлық жағдайлар жасалған. Бұл қызықты сабақтар, тартымды сайыстарға толы демалыс болды. «Бала ойынмен өседі» дегендей, бір уақыт далада əр түрлі ойындар ойнады.
-Алаңда карантин ережелері қатаң сақталды. Ата-аналар оған үлкен түсініктікпен қарадық. Осылайша, мектебімізде ұйымдастырылып ашылған профильдік мектеп алаңы оқушыларға көңілді сәттерді сыйлады. Сол үшін «Жалын» тобы ата-аналары атынан алғысымыз шексіз, дейді №24 мектеп-гимназияның 2«А» және 2«Б» сынып оқушыларының ата-аналары.