Еңбегі еленді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК және «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің бір топ қызметкерлерін  марапаттады.
Марапатталғандардың арасында Орталықтың бас директоры Замир Сағынов, Даму департаментінің директоры Дәулет Аспанбетов, сапа сараптамасы және жаңа технологиялар бөлімдерінің басшылары, HR-менеджер, сондай-ақ Орталық филиалдарының жұмысшылары болды. 
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін Орталықтың қызметкерлеріне алғысын білдіріп, автомобиль жолдарының сапасын одан әрі арттыру бойынша жұмыста табыс тіледі.

WhatsApp Image 2020-06-15 at 23.20.08
Өткен жылдың маусым айынан бастап Агенттік Орталықпен бірлесіп «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосты, оның негізгі мақсаты автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және олардың сапасын арттыру болып табылатынын атап өткен жөн. Жобалық кеңсе шеңберінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық бақылау қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Орталықта  ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің халықаралық жүйесі енгізілуде. Агенттіктің аумақтық департаменттері қызметкерлерінің, орталық жұмысшылары мен қоғам өкілдерінің бірлескен іс-қимылының арқасында республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 410-нан астам бірлескен шығу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 800-ден астам бұзушылықтар анықталды және «ҚазАвтоЖол» АҚ мен әкімдіктерге тиісті ұсыныстар енгізілді, олардың 80%-ы жойылды.

WhatsApp Image 2020-06-15 at 23.20.09
Сапаны сараптау шеңберінде автомобиль жолдарында құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында 860 млн.теңгеден астам сомаға сапасыз материалдарды пайдаланудың алдын алды. Жобалық кеңсе іске қосылған сәттен бастап жалпы құны 135 млрд.теңге болатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық құжаттамаға сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша сметаны 12,5 млрд.теңгеге көтеру фактілері анықталды және жойылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓