COVID-19: Тағы 4 адам…

Қостанай облысында, 12 маусымдағы мәлімет бойынша, симптомдары бар коронавирустық инфекция 4  адамнан анықталды.коронавирус
Жітіқара қаласында COVID-19 ер адамнан және әйелден анықталды, екеуінің жасы да 33-те. Сондай-ақ, індет 1,5 жастағы балаға да жұққан. Олардың бұрын сырқаттанып қалған адамдармен жақын байланысқаны белгілі болды. 
Келесі науқас Арқалық қаласында тіркелді. Коронавирустық инфекция диагнозымен 1951 жылғы ер кісі ауруханаға жатқызылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан келіп, сырқаты бар жұбайымен байланысқандықтан тексерілу міндеттелген еді.  
Барлық жағдайларда да эпидемияға қарсы амалдар – байланысқан адамдарды анықтау, науқастарды оқшаулау, дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді. 
Науқастардың жағдайы бір қалыпты, емдеу бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. 
12 маусымдағы мәлімет бойынша, облыста COVID-19 инфекциясымен ауырған адамдар саны 214-ке жетті, олардың ішінде 175 адам емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓