Шәкірттердің бағы жанды

Астана қаласында жуырда «Ақ көгершін» халықаралық фестивалі өтті. Аталмыш додалы жарысқа облыстық, республикалық іріктеу кезеңдерінен өткен талантты оқушылар қатысты. Рудный қаласынан №19 қазақ орта мектебінен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Әйгерім Усманова мен Марияш Әбішевалар өздерінің шәкірттерін аталмыш жарысқа дайындап, үмітін үкілеп төрт оқушыны жіберді. Көркем сөз оқудан алдына жан салмаған 9-сынып оқушысы Гүлжазира Мақсатова жетімдікдік тақырыбында өлеңін мәнерлеп оқып әділқазылардың алғысына бөленіп, бас жүлдені жеңіп алды.IMG-20160407-WA0026
– Шынымды айтасам, осы жарыс басталады дегеннен бері ұстазым Әйгерім Мақсатқызымен дайындықты күшейттік. Республикалық деңгейден өткесін, халықаралық деңгейде орын алу қиын болатынын білдім. Бірақ өзіме сеніп ұстазым мен ата-анамның үмітін ақтағым келді әрі арманым да орындалды. Тақырып таңдау қиын болды. Ұстазым маған қазіргі таңда үлкен проблемаға айналған бойжеткендердің ерте жүкті болып қалып, туа сала балаларын кез келген жерде тастап кетіп жатқандығын алаңдатарлық жағдай екендігін айтты. Осы тақырып өзекті болғасын анасы баласын тастап кеткен сәбіидің ролін сомда деп жетімдік тақырыбын ұсынды. Кішкентай баланың дауысына салып, ата-анасына, ата-әжесіне деген өкпесін мәнерлеп оқыдым. Шынымды айтам, дайындық барысында өзім де қатты әсерленіп, жетім баланың тағдырын ойласам көзден парлап жас ағады, – дейд оқушы.
Гүлжазирамен бірге Гауһар Таңатарова мен Мөлдір Әбдібекова да көркем сөз оқудан өз бақтарын сынап екінші орынды иеленді. Мөлдірді жас ақындар қатарына жатқызуға әбден болады. Қазақтың ақийық ақындары Мұқағали Мақатаев пен Абай аталарының өлеңдерін сүйіп оқитын ол өзі де өлең шығарады. Осы уақытқа дейін бірнеше өлеңдері қалалық газет беттерінде басылып жүр. Вокал номинациясында білім ордасының мақтанышы Жасұлан Өтемұратов та күмістен алқа тақты. Мектептің тағы бір мақтанышы Лаура Ешназарова Алматы қаласында 24-26 наурыз күндері Ел тәуелсәіздігінің 25 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі мен қазақ түрік лицейіның ұйымдастырған «Жарқын болашақ» байқауына қатысқан Лаура Ешназарова. Облыстағы іріктеуден сүрінбей өткен Лаураны облыстық қазақ драма театрның белгілі актері Қабдулмажит Имановтың өзі жетекшілік етті. Жарыста Өзбекстан, Қырғызыстан Түркия мен Африка мемлекеттерінің оқушылары өз бағын сынады. Облыс намысын арқалаған Лаура екінші орынды иеленді.
-Бұл сайыстың бізге берері жеңімпаздарға грант беріледі. Бұл жыл сайын өтетін байқау. Түрік Демирел атындағы түрік университетінде ұйымдастырылады. Сайыс өте керемет өтті, ерекше әсер алдым. Өзіме көптеген тәжірибе жинадым. Қателіктерімді көрдім, қарсыластарымның деңгейін бақыладым. Барлығы өзіме ұнады, – дейд ол.IMG-20160407-WA0000
Ата-ана өз баласын бала бақшадан бастап жоғарғы оқу орнына түскенше өмір жолында жақсы ұстаз жолықса екен деп үміттенеді. Өйткені, баланың бойындағы бар қабілетін ашатын да оны көре білетін де ұстаз. Ұстаздық сара болын таңдаған Әйгерім Қайратқызы мен Марияш Әбішевалар өз шәкірттерімізбен мақтанамыз дегенді айтты. Өйткені, балаларға ерекше көңіл бөліп алдымен мектеп ішілік онан кейін қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатыстырып, жарыс аяқталғанша балалармен бірге уайымдам, бірге қуанып жүрген жайы бар. Ұстаз бен шәкірт және ата-ана етене жақын қарым қатынаста жұмыс істесе, бала оқуда да өмір де де озат болары анық. Балаларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген №19 қазақ орта мектебінің ұстаздар қауымына еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіз қуанта берсін дейміз.
 
Дамира Жүсіпбекқызы,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓