Вирус өндіріске кедергі емес!

Орта Азияда теңдесі жоқ өнім шығаратын «Казогнеупор зауыты» ЖШС пандемияға қарамастан өндірістік жоспарларды орындап, жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеді.832406194
Бүгінде рудныйлық кәсіпорынға қызыға да, қызғана да қарайтындар көп. Олай етпей ше? Кезінде КСРО-ның Қара металлургия министрлігінің тапсырмасымен салынған өндіріс ошағына үздік мамандар тартылып, ең соңғы ғылыми жаңалықтарға негізделген жабдықтар орнатылды. Соның арқасында зауыт небір дағдарысты басынан кешірсе де заман сұранысына сай өнім түрлерін шығарып, тұрақты дамып келеді.547887909
– Біздің отқа төзімді өнімдер Қазақстан мен Ресейдің қара және түсті металлургия кәсіпорындарында кеңінен қолданылады. Индустрияның көшбасшысы саналатын Ақтөбе, Ақсу ферроқорытпа зауыттары, «ССКӨБ» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау», «Қазфосфат» компанияларымен тығыз жұмыс істейміз. Ресейлік серіктестерден – «СеверСталь» АҚ мен Магнитогор, Сібір металлургия комбинаттарын атап өтуге болады, – дейді зауыт директоры Сергей Темірболатов.533438333
Кәсіпорын корунд, муллит, цемент ұнтақтары мен алюмосиликаттарды Қазақстанның барлық аймақтарына, сондай-ақ Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан елдеріне экспорттайды.511911165
–«Менің өлімім жайлы қауесеттер сәл асыра айтылған» деп, Марк Твен айтпақшы, қазіргі таңда зауыт жабылып жатыр деген сыбыстарды жиі естіп жүрмін. Шын мәнінде, бес цехтың үшеуінің жұмысын екі аптаға тоқтатуды жоспарлап отырмыз. 150-ге тарта жұмыскерлер еңбек демалысына жіберіледі. Алайда 1 шілдеден бастап бұл цехтардың жұмысы қайта жанданады. Өйткені, жұқпалы індеттің таралуына байланысты өнім шығаруды жоспарлауда азғантай өзгерістер енгізілді. Десе де, тұтынушылармен 2020 жылға арналған келісім-шарт сол күйінде қалып отыр, – дейді Сергей Борисович.
Серіктестік шығаратын алюмосиликат – домен, мартен, болат балқыту және цемент пештерінің ішін қаптау үшін таптырмас өнім. Онсыз бір грамм металл өндірудің өзі мұң болар еді. Сирек өнімге сұраныс бар болғанымен ұзақмерзімді келісім шарттар жоқтың қасы.казог
–Біз, көп жағдайда, факт бойынша жұмыс істейміз. Болашақта Қытай, Европа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына шығуды кезең-кезеңімен жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Яғни дайын өнімді сақтайтын қойма мен оны Железорудная стансасына дейін жеткізетін жеке темір жол желісі жұмыс істеп тұр, – дейді Сергей Темірболатов.
Зауыттың мақтанышы – электрокорунд ұнтағы. Бұл минералдың табиғаттағы аналогы изумруд пен рубин болып табылады. Мамандар таза ақ түсті корундты алу қаншалықты қиын екендігін жақсы біледі. Себебі болар-болмас қоспаның өзі түсті өзгертіп жіберетін көрінеді. Бұрын рудныйлық кәсіпорын құрамында 95-97 пайыз алюминий оксиді бар ұнтақ шығарып келсе, қазіргі таңда оның сапасы 99,5 пайызға арттырылған. Мұндай өнім әлемнің барлық стандарттарына сай келеді.735960876
114 гектар аумақты алып жатқан өндіріс орны үш негізгі және қосалқы цехтардан тұрады. Атап айтсақ, электрмен балқытылатын оттөзімдік цехы, корунд-муллит өнімдері мен эксперименттер жасайтын цех. Олардың барлығында Ресей, Австрия және Жапонияның алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтары орнатылған. Жабдықтар энергияны көп қажет ететіндіктен зауыттың энергетикалық қоры мен қуаты да жеткілікті деңгейде жарақталған.
– Қазіргі уақытта үш цехқайта жаңғыртылуда. Біз 2018 жылы басталған бокситті кептіру бөлімінде жұмыстардыбиыл аяқтаймыз. Тәжірибелер шеберханасын болса 2021 жылы толық жаңадан іске қосамыз.
Ал электр тоғымен отқа төзімді цехты модернизациялау биыл ғана басталды. Тозған жабдықтарды жобалау, ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба 2022 жылы аяқталады, – дейді зауыт директоры.547887909«Казогнеупордың» ең басты құндылығы – технолог, балқытушы, диірмен машинисі, сығымдаушы, энергетик, электр-газбен дәнекерлеуші және басқа да кәсіби білікті мамандардан тұратын ынтымағы жарасқан ұжым. 375 жұмыскердің көбі зауытта 20 жылдан астап еңбек еткен. Басшылық олармен мақтанады және жастарға үлгі етіп келеді.
Айта кетейік, серіктестік базасында оқыту орталығы да бар. Онда сирек кездесетін маман иелері тегін оқытылып, жұмыскерлер өз біліктілігін алысқа бармай-ақ арттыра алады. Кәсіпорын Заңмен және ұжымдық келісіммен бекітілген барлық әлеуметтік міндеттемелерді де орындап, жұмыскерлердің жайбарақат өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап келеді.174818420 (1)
Бүгінде кәсіпорын отқа төзімді жоғары сазтопырақты материалдарды, бетон қоспалары мен кірпіштерді өндіру секілді бірнеше болашағы зор жобаларды жүзеге асыруда. Сондай-ақ ферросиликомарганец өндіру үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, технологиялық желілер жобаланып отыр. Сергей Тимербулатов осы міндеттердің орындалуы өндіріс көлемін 4 есе арттырып, еңбек өнімділігі мен табысы жоғарыкәсіпорын атануға серпін беретіндігін айтады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓