3 адам жапа шекті
Бүгін 00:41-де Федоров ауданының Первомайский ауылындағы Юбилейный көшесінде № 2 пәтерде өрт шықты. Өрт 04.00 минутта сөндірілді. Жалынның жалпы ауданы 100 шаршы метрді қамтыды. №1 және 2 пәтердің шатыры ортасына түсіп, қабырғалары құлады.
Өрт салдарынан №2 пәтердің 1972 жылғы иесінің денесін 60% және оның 6 жастағы ұлының аяқ-қолының 25%-ын, 2,3 дәрежелі күйік шалған. Сондай-ақ балаларды құтқару кезінде 30 жастағы азаматтың аяқ-қолының 25%-ын күйдіріп алды.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 3 қызметкері және 1 арнайы техникасы, «Олжа Алтын Инвест» ЖШС ерікті өртке қарсы құрылымының 12 қызметкері және 3 техникасы, «Орлянский» ШҚ 4 қызметкері және 1 өрт сөндіру техникасы, аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеді.
Өрт себебі мен материалдық шығын көлемі анықталуда.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.