«Нұрлы жер» – баспанаға бағыт

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, халықтың тұрғын үй мәселесін түпкілікті шешкен бірде-бір мемлекет жоқ. Ал Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аталған мәселені шешуде кешенді шаралар қолға алынып жатыр.восточная стройка (1)
Мәселен, соңғы 3 жылда еліміз бойынша 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 330 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады. Осылайша бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және дамыған елдер деңгейіне жақын.
Биыл Қостанай облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,2 мың пәтер салу жоспарланған. Оның 237,1 мың шаршы метрі – көп пәтерлі тұрғын үй, 142,2 мың шаршы метрі – жеке үйлер.
Баспана мәселесі Рудный қаласында да біртіндеп шешімін тауып келеді. Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 50 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды. «Восточная» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін қуаныш иелеріне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов табыстаған болатын.восточная стройка (5)
Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 442,6 млн теңге жұмсалған. Бас мердігер – «РудныйСоколовҚұрылыс» АҚ.
Бұл үй әкімдікте кезекте тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үлестірілді. Солардың бірі – көпбалалы Едірсовтер. Отанасы Әселдің айтуынша, күйеуі ПИК-те ағаш ұстасы, өзі болса үй шаруасында.
–Екінші деңгейлі банктен несие алуға табысымыз жетпеді. Сондықтан шыдамдылық танытып, кезекті күтуге тура келді. Он жыл бойы аңсап келген сәт те жетіп, қолымызға аймақ басшысы пәтер кілтін табыстағанда қуанышымда шек болмады. Міне, көзді-ашып жұмғанша жарты жыл өтіп кетіпті. Қыста үйіміз жып-жылы, бөлмелері кең, ішкі және сыртқы әрлеуі де көңілден шығып отыр.
Ипотекалық несиені «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы алдық. Айына төлейтініміз небары 48 мың теңге, ал 8 жылдан кейін қарызымызды 35 мың теңгеден өтей бастаймыз. Бұл инфляция деңгейінен де бірнеше есе төмен. Қарапайым халыққа осындай қолдау көрсетіп отырған Үкіметке, ел басындағы азаматтарға мың рахмет!– дейді бақытты ана.
Шынымен, де баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үйі жоқтың күйі жоқ. Табысының аздығынан пәтер жалдап, не жатақхана жағалап күнелткен жан үйлі болса бақыттың көкесі осы емес пе?!«Нұрлы жер» бағдарламасының да діттегені осы – түрлі әлеуметтік топтардың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ол бірнеше бағыттан тұрады.восточная стройка (3)
Біріншіден, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік әлсіз топтарды жалға берілетін үйлермен қамту.
Екіншіден, тұрақты жалақысы бар және бюджеттік сала қызметшілеріне құрылыс жинақ жүйесі арқылы баспана беру.
Үшіншіден, алғашқы жарна құюға мүмкіндігі бар азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы мемлекет субсидиялаған кредитпен тұрғын үй алуды ұсыну. Сондай-ақ, азаматтарға мемлекеттік қолдаумен жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мүмкіндігін беру.
Яғни, кез келген адам өз мүмкіндігіне сай тұрғын үй жағдайын жақсарта алады. Бағдарлама халықты жинақ жүйесінің артықшылықтарына, үй сатып алудың түрлі жолдарына, нарық талабына бейімдейді. Мемлекетке иек артпай, баспаналы болудың мүмкіндіктерін ұсынады.
Бүгінде кеншілер қаласының №39 ықшамауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тағы бір 50 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.восточная стройка (2)
Мұндағы 10 бір бөлмелі, 20екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтердің аудандары тиісінше 38, 55 және 67 шаршы метрді құрайды. Баспаналар кезек бойынша әлеуметтік аз қорғалған отбасыларға үлестірілмек. Бас мердігер «РудныйСоколовҚұрылыс» АҚ құрылысқа қажетті материалды пайдалануда жергілікті компанияларға басымдық беріп отыр. Мысалға, кірпіш «Стройпромгрупп-2030» пен «БК-Стройпромның» өнімі болса, цемент жаңадан ашылған Рудныйлық цемент зауытынан сатып алынған.
Мердігер ұйымның бас директоры Нұрлан Орымбаев құрылыс белгіленген кестеден ерте аяқталуы мүмкіндігін айтады.
– Қазіргі таңда жоспарды екі аптаға басып оздық. Сәтін салса, ғимаратты қыркүйек айында толық салып бітіреміз. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Әзірге құрылыста 47 адам жұмыс істеп жатыр. Алайда жуырда ішкі әрлеуге, инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға қосымша тағы 30-40 маман жұмылдырылмақ.
Коронавирус инфекциясынан қорғануға келсек, жұмыскерлерді тасымалдауды, қажетті қорғаныс және дезинфекциялық құралдарымен қамтамасыз етуді өз мойнымызға алдық, –дейді ол.восточная стройка (4)
Бұл – №39 шағын ауданда салынып жатқан төртінші үй. Алдағы бір-екі жылдықта бұл жерде тағы да бірнеше үй салынып, көшені абаттандыру қолға алынбақ. Яғни су жаңа асфальт төселіп, аллея бой көтереді.
Айта кетейік, кеншілер қаласында 2018 жылға дейін Ленин, Сандригайло, Қашар көшелерінде құрылысы бітпей, қаңырап бос тұрған үйлер қайта қалпына келтіріліп келді. Ал су жаңа үйлер тұңғыш рет Восточная көшесінде осыдан екі жыл бұрын салынып, пайдалануға берілді.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓