Жемқор 6 жылға сотталды

Қостанай қалалық №2 сотына “ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті” басшысының міндетін атқарушы Күлзада Өтегеноваға қатысты қылмыстық іс түскен болатын. Қызметтік мансабын пайдаланып, пара алды деген күдікпен қамауға алынған айыпталушыға қатысты бүгін соттың үкімі шығарылды.photo_194530Іс қағаздарына сүйенсек, Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау департаментінің бұрыңғы басшысының міндетін атқарушы Күлзада Өтегенова екі ай бойы бірнеше жемқорлық қылмысын жасаған. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, тамыздың жиырмасы күні “Медсервис плюс” дәріханалар желісін тексерген кезде препараттарды сақтаудың температуралық режимінің бұзылғаны анықталған. Өтегенова серіктестік директорына олардың жұмысы тоқтатылатынын хабарлаған. Әрі айыпталушы анықталған бұзушылықтарды жасыру үшін дәріхана басшысынан 100 мың теңге пара талап еткен. Оған басшы келіскен. Сол күні ол қызметтік кабинетінде 100 мың теңге пара алған ал, тамыздың соңында ол жеке кәсіпкер Мазурға келіп, дәріханасында жоспардан тыс тексеріс жүргізетінін айтқан. Оң нәтиже шығару үшін 200 мың теңге сұраған. Себебі, Мазурдың дәріханаларының бірінен де сақтау ережесі бұзылғаны анықталған. Ақшаны алғаннан кейін тексеру актісіне бұзушылық жазылмаған.
Сондай-ақ, бюджеттік қаражатты да жымқыруды мақсат еткен К.Өтегенова алты қызметкерге Конституция күні құрметіне бір жарым окладтан сыйақы беру туралы бұйрыққа қол қойған. Мұның сыртында ол аталған қызметкерлерге аударылған сыйақының 30 пайызын беруді міндеттеген.
Осылайша, мемлекетке 170 мың теңге шығын келтірген жемқор соттың үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен де шеттетілетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓