Жазғы демалыс қызықты өтуде
№28 мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылы сәтті аяқталып, балалар жазғы демалысқа шықты. Маусым айының 1 күнінентағып жүреді.
Мектеп жанындағы алаңның алғашқы күні алаңның ашылу салтанаты өткізілді. Оқушылар жас ерекшеліктеріне сай топтарға бөлініп, әр топқа аға тәлімгерлер тағайындалды. Әр апта өзіндік ерекше тақырыппен аталып, сол тақырыптарға сай жұмыс жүргізіледі.Тақырыптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру туралы «Қазақстан балалары – жазды қуанышпен толтырамыз!» атты тұжырымдамаға негізделген. Алғашқы аптаның тақырыбы – «Менің елім – Қазақстан». Бұл аптада халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар, «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты суреттер байқауы, «Объективте қасиетті орындар» – Қазақстанның киелі нысандарына виртуалды саяхат, «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» – қаланың ескерткіш орындарына виртуалды саяхат, туған өлке туралы өлеңдер, суреттер, әндердің конкурстары өткізілді.
Екінші апта – «Жазғы саяхат» деп аталады. Бұл аптада қаланың көшелерінде серуендеу, әлемдік мұражайларға онлайн саяхат, виртуалды турлар өткізіледі деп жоспарлауда.
Тұрар ҚАЙЫРБЕК,
Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.