Үкіметтен көмек көп

Қостанай облысында асыл тұқымды мал өсіруге 6,7 млрд теңге субсидия қарастырылды. Субсидияның ауыл шаруашылығына серпін бергені анық. Мысалы, қостанайлық фермерлер Үкіметтен ұсынған қаржыны өз кәсібін жандандыруға жұмсап жатыр. 1540869903_30ash1-696x522Қайтарымсыз қаражат есебінен отандық және шет елдерден бес мыңдай ірі қара әкелінген. Бұл былтырға қарағанда екі есе көп. Ал өнімділігі төмен сиырларды асыл тұқымды бұқалармен будандастыру нәтижесінде үш мыңдай етті қара мал алынған. Аймақ бойынша 478 мыңдай ірі қара болса, соның 17%-і асыл тұқымды саналады. Жалпы облысқа бөлінген субсидиялар ет, сүт, құс жұмыртқасы өндірісінің ұлғаюына септігін тиігзген.
"Тауар өндіруші 350 мыңға бір бұқаны сатып алса, оның 150 мыңын Үкімет қайтарып береді. Ол қайтарымсыз. Бұл – бір. Екінші – сол бұқаны екі жылдай ұстайды да, өзінің табына қосады. Одан алынған тұқымнан мал басы көбейеді", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Тобылбай Қазиев.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓