Мінсіз еңбектің өтеуі

Рудныйда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып жүрген азаматтар марапатталды.up_rudnyi-up_rudnyi-15915502327743
Әрине, бүгінде жұқпалы індетті толық ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Онымен ауырғандардың саны кеншілер қаласында санаулы ғана. Барлығының денсаулық жағдайы бір қалыпты. Сол себепті үш айдан бері күрестің алғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерінің, санитарлық дәрігерлердің, полицейлер мен басқа да жауапты мамандардың еңбегін бағалайтын кез келген сияқты.up_rudnyi-up_rudnyi-15915502327741
– Рудный қаласы әкімінің алғыс хаттарын күні-түні блок-бекеттерде кезекшілік еткен, қаладағы карантин тәртібін қатаң бақылап, ауруханада халықпен тығыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың барлығына табыстамақпыз. Ия, сіздер өздеріңіздің күнделікті міндеттеріңізді атқардыңыздар. Алайда бұл қызметтеріңіз бұрынғыдан да қауіпті болғандығы шындық. Шынайы да мінсіз еңбектеріңіз үшін сіздерге тұрғындардың атынан зор алғысымды білдіремін, – деді қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина.up_rudnyi-up_rudnyi-15915502327740
Марапатқа ие болғандардың қатарында «ССКӨБ» АҚ қызметкері Исламбек Құдайбергенов те бар.
–Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап кәсіпорында маскалық режим енгізіліп, кеңселік қызметкерлердің төрттен үш бөлігі қашықтықтан жұмыс түріне көшірілді. Әрбір цехта тепловизорлар орнатылып, күнделікті залалсыздандырумықтап қолға алынды. Басты мақсат – жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, коронавирустың кен алыбында таралуын болдырмау. Өйткені өндіріс тоқтамау керек. Бүгінде бізде жағдай тұрақты, карантиндік шаралар жалғасып жатыр, – дейді ол.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓