Қарияларды құттықтады
Бүгін халықаралық қарттар күні. Осынау мерекеге орай қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да салтанатты іс-шара өтті.

Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар «Ақ дариға», «Ивушка», «Костанайские зори» хорлары мен «Узоры», «Карнавал» бишілер ансамбльдері ән мен биден шашу шашты. Бастауыш сынып оқушылар ата-әжелерге арнап тақпақ айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты шара барысында қала басшысы А.Ахметжанов қарияларды мерекемен құттықтады.
-Құрметті ардагерлер, аяулы аналар! Сіздерді халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын. Бұл мерекені елімізде атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Себебі, бұл күні кейінгі толқынның аға буынға деген ыстық ықыласын білдірмек,-деді Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов.
Қымбат Досжанова