«Мақтанышым – Астанам»
Міне, осындай тақырыпта Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімшесі №6 «Южный» кітапхана филиалы мамандары еліміздің бас қаласы – Астанаға вертуалдық саяхат жасау түрінде іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен № 19,20,23 орта мектептері жанындағы жазғы сауықтыру демалыс лагерінің оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Астанаға арналған слайд та көрсетілді, жыр да оқылды.
– Астана сондай әдемі қала. Аралап, қыдырып жүре бергің келеді. Тура ертегідегідей керемет. Мен Астанаға бірнеше рет қыдырып бардым. Сондай астанамыздың бар екеніне қуанамын. Әсіресе, маған Бәйтерек, Хан шатыры, Думан ұнайды. Бәйтеректің сырты да, іші де сондай көркем. Үлкен, алып шарға лифт арқылы көтерілесің. Залға кіріп, Астананы түгел көруіңе болады. Білесіз бе, Бәйтеректің биіктігі 97 метр. «Аялы алақанға» қолымды мен де қойдым,-деді бізге М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі даярлық тобының оқушысы Нұрдана Сәрсенбаева.
Гүлназым Сағитова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай