Сужарған ауылында үш үміткер
Жангелдин ауданының алты елді мекенінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметее сүйенсек, сағат 7-10 шамасында елуден астам адам дауыс беріп үлгерген.
"Учаскедегі жұмысымыз гимн айтумен басталды. Үлкен кісілер саяси өзгерістің маңызы туралы айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Комиссияда үш адам отырмыз", – дейді Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Мықтыбеков.Мұнда сайлау барысын бір бақылаушы қадағалап отыр.
"Ауыл тұрғындары таңнан бері ағылып келіп жатыр. Өрескел қателік көрген жоқпын. Бәрі талапқа сай", – дейді бақылаушы Қайрат Мағауин.
Сужарған ауылының әкімі болуға 3 адам үміткер. Оның біреуін партия ұсынса, екеуі өз-өзін ұсынған.

Аслан Қанғожин