Мерейі тасыған мұғалім
Жақында «Үздік Қазақстан тарихы мұғалім – 2014» облыстық байқауында бақсынаған Сарыкөл орта мектебінің тарих пәнінің тәлімгері, оқу ісінің меңгерушісі Ләззат Молжігітова жүлделі III орынды жеңіп алды.
Мерейі тасыған мұғалім алдымен, аудандық жарыстан топжарып, одан кейін облыстыққа жолдама алған болатын. Байқаудың шарты бойынша ашық сабақтың электрондық түрін, бейнебаян, тест тапсырып әрі мақала жазды. Оның жұмысын ұйымдастырушылар алқасы қарап, еңбегін бағалады. Сөйтіп, Ләззат Әлиқызы 12 мұғілімнің ішінен үштікке ілікті.
Жалпы, тарих жолын таңдаған тәлімгердің білімі жоғары. Бірнеше аудандық, облыстық сайыстардың қатысушысы. Әсіресе, 2007 жылы Куба елшілігі интернет сайты арқылы өткізген жарыста дипломант атанған.
Оның Мадина Құдабаева, Мира Қоңыршина сынды шәкірттері аудандық олимпиаданың жеңімпаздары деп танылған. Ал, Азылхан Касеновтай оқушысы кезінде «Құқық білімдерінен облыстық сырттай олимпиадасында» I орынды жеңіп алған.
Жалпы, соңғы жылдары тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындап жүрген түлектері жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Биылғылардан да дәл сондай нәтиже күтеді.
-Негізінде, мұғалім өз-өзімен жұмыс істей білуі керек, сонда ғана одан жақсы маман шығады, – дейді тарих пәнінің мұғалімі.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы