Терек ұлпасынан тұтанған

Қостанай қаласында екі күн ішінде 50-ден астам өрт тіркелді. Оның шығуына терек мамығы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1590405239_c8a8d74ab463c033ac08667d623a765a_resize_w_1140_h_696-1Құрғақ және ыстық ауа райының салдарынан жабық аумақтағы қоқыстар мен шөптердің жануы жиілеп кеткен. Бұл қала көшелеріндегі терек мамығының тұтануымен байланысты. Ал мамандарлың сөзінше, терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар.
«Қостанай қаласында екі күн ішінде терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт тіркелді. Соның бірі Абай көшесіндегі жылу трассасының жануына әкеп соқты. Өрт сөндірушілер дер кезінде қауіптің бетін қайтарды. Терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол – су себу. Ал терек мамығын өртеу үлкен шығындарға әкеп соғуы ықтимал. Ыстық және құрғақ күнде балалардың жанғыш заттармен ойнауына жол бермеу керек. Ал ересектер сіріңке мен өшірілмеген темекіні жерге тастамағандары дұрыс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдағанын ескертеміз», – дейді Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі орталығы бастығының орынбасары Абай Оспанов.
Мамандардың айтуынша, терек мамықтары тез тұтанып, соңынан қара түтін қалдырады. Мамықтың жиналу орындарын, әсіресе ағаштардың маңын жүйелі түрде тазалау, балаларға оны жағуға рұқсат бермеу қажет. Осындай қарапайым қағидаларды сақтау өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓