Ұмтылыс пен тың тыныс

Арқалықтағы ең үлкен қалалық асхана екі айлық карантиндік іркілістен кейін тың тыныспен, жаңартылған ас мәзірімен жұмысқа кірісті. Бұл туралы Qostanay.TV порталы жазады._w6oicyovlc
«Jac Aru» асханасы жүз адамға шақталған. Оған VIP-залды қосса, сыйымдылығы одан да асып кетеді. Нысан иелері – Масербаевтар өз істерін дөңгелетуге аз қажыр жұмсаған жоқ. Отағасы 17 жыл бойы аспаз болып жұмыс істеген. Арзан да дәмді тағам ұсынатын қоғамдық тамақтану орнын ашу арманы сол тұста басталса керек. Аз-кем жинақ қаржыларына 2008 жылы темір жол вокзалы маңынан алғашқы асханаларын ашты. Ал 2018 жылы 282 шаршы метрлік ғимарат сатып алып, болашақ «Jac Aru»-дың "тршілігіне" кірісті. Тоғжан Масербаева "Еңбек" бағдарламасы аясында жобасын ұсынып, бизнес-вуменге 15 млн теңге жылдық 6% мөлшерлемемен мақұлданды. Ол мұның сыртында "Даму" қорының 7,5 млн теңгелік кепілдемесін пайдаланды. Осылайша, жаңа 2020 жылдың алдында «Jac Aru» арқалықтықтарға есігін айқара ашты. Енді қала тұрғындары бұл жерден тамақтанып қана қоймай, мерекелерді, үйлену той, мерейтойларды атап өте алады. Бірақ, әзірге, бұл нысан белгілі шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Басқалар секілді бір мезетте 30 адамға дейін ғана қабылдай алады. Алғашқы ашылған кездегідей емес, қазіргі таңдағы ұсынылатын ас мәзірі байытылған, таңдау көп.
Асхана қожайындары жартылай дайын өнім өндіретін цех ашуды жоспарлап отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓