Сәт сапар, жас түлек!

              сайт15

Бүгін 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдылықтарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу сәті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, оқу ордасының қабырғасын имене аттаған жас өрімдердің ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя шаңырағынан қанат қаққан күні.

сайтка 5555

Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясында өткен «Сәт сапар, Жас түлек!» атты салтанатты жиынның куәсі болып келдік. Былтыр күзде ғана жаңа орынға қоныс тепкен оқу ордасын, міне, алғашқы «Жас сарбаз» сыныбының 20 түлегі аяқтап, аттестатқа ие болып, үлкен өмірге аяқ басқалы тұр. «Жас сарбаздықтардың» ерекшелігі –  өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру. Елін, жерін сүйетін және өз халқына адал қызмет ететін азаматтар санын көбейту.

сайт666666

 

Тарыдай болып кірген біздің түлектер бүгін таудай болып аттанып бара жатырсыздар. Алда аса жауапты сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеу емтихандары бар. Сол білім бәйгесінен сүрінбей өтіп, грант иегерлері атанып, қалаған жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Өздеріңізге осы жылдар аралығында бар білімін сарп еткен ардақты ұстаздар қауымына да алдағы уақытта тек табыстар тілеймін. Әсіресе, биылғы жылдың төртінші тоқсаны еліміздегі білім ордалары үшін оңай болған жоқ. Соған қарамастан, қашықтан оқыту сабақтарын жоғары деңгейде атқарып шықтыңыздар. Осы аралықта оқушылар да, оқытушылар да цифрландыру бағытында үлкен тәжірибе жианқтадыңыздар деп білемін, – деді №28 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қазиева құттықтау сөзінде.

Алтын ұя білім ордасынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер сынып жетекшісімен құрметпен ортаға шақырылып, 11 жылдық білімінің жемісі – аттестаттарымен бірге «Кадет куәлігіне» ие болды. Мектеп өміріне белсене араласқан оқушыларға мақтау қағаздары мен ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. Дәстүр бойынша 10 сынып оқушылары атынан түлектерге естелік сыйлықтар тарту етілді.

сайт 16222111сайт12

Айта кетейік, №28 мектеп-гимназия оқушылары тек бір оқу жылының өзінде білім, өнер, спорт саласынан талай республикалық, облыстық байқау-жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып отыр.

Салтанатты шарада  ата-аналар атынан Гүлбаршын Әлжанқызы, түлектер атынан Нұрсұлтан Манат өз алғыстарын білдірді. Бұл күні ерекше толқып жүрген сынып жетекшісі Жайнагүл Аюуш алтын ұясымен қоштасып тұрған шәкірттерінің алдағы өміріне ақжол тіледі.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

сайт11

сайтка7777

сайт14сайт13сайт 10сайт 99999сайт88888сайтка44444сайт333314

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓