Шығын –11 млн теңге
Рудный полицейлері 60 жастағы тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды. 10 қазан күні 60 жастағы әйел қайтқан кісінің асына барады. Осы уақытта белгісіз адам үйдің пластикалық терезесін жұлып, ішке енген.
Үйіне оралған әйел бөлмелерде шашылған заттарды көреді, кейін ірі көлемдегі ақшасы жоғалғанын байқайды. 11 мың АҚШ доллары, 2,6 мың еуро, 75 мың Ресей рублі және 1,5 миллион теңге. Жоғалған мүлік тізімінде алтын сырғалар, білезіктер, 30 сақина бар. Ұры сондай-ақ 6 қол сағат, тіпті «пауэр банкті» де ұрлаған. Жалпы шығын – 11 миллион 260 мың теңгеге.
Қылмыс болған жерге Рудный қаласының полиция қызметкерлері хабар түскен сәтте дереу келген. Тәртіп сақшылары үйдегі қол, аяқ іздерін түсіріп алған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жақын орналасқан үйлерді аралап, пәтер ұрысы ретінде есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, бейнекамералардың жазбаларын қарады.
– Зардап шегушіден сұрастырып, біз бірден байланыс шеңберін пысықтай бастадық. Оның құрбысының бірге тұратын жолдасы бар болып шықты. Бірден оның баратын жерлерін тексердік, – дейді Рудный қаласының криминалдық полиция бөлімінің бастығы Асқар Мағажанов.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 32 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін рудныйлықты ұстады. Күдікті қала ішінде жүрген машинада ұсталды. Автокөліктен ұрланған мүліктің бір бөлігі – ақша мен бағалы заттар, сондай-ақ ұшаққа билеттер тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің тағы да бірнеше ұқсас қылмыстарға қатыстылығын дәлелдеді. Тергеу барысында жәбірленушінің танысы күдіктіні осы үйге бағыттағаны анықталды.