Жанар-жағар май талонын заңсыз шығындаған

"Қостанай жылу-энергетика компаниясы" МКМ қызметкерлері жалпы сомасы 18,5 млн теңге болатын талонды ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды "Қостанай таңы".Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті қызметкерлері жанар-жанармай талондарын заңсыз сату деректерін анықтаған.
"Қостанай жылу-энергетика компаниясы"МКМ механизация қызметі басшысы қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, талондарды сатып пайда тапқан. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін осы әрекетін жалғастырып келген. 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензині және 100 тоннаға жуық дизель отынының талондарын сатып жіберген", — делінеді департамент хабарламасында.
Сот күдіктіні қылмыстық құқықбұзушылыққа барды деп танып, алты жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол осы мерзім бойына пробациялық бақылауда болады.
 
Ерболат Әлім

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓