“Жасыл Елдегі” жемқорлық
Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттік қаражатты қымқырғаны туралы қылмыстық іс бойынша жұмысты аяқтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Ішінде «Жасыл Ел» филиалының басшысы, сондай-ақ төрт бизнесмен бар қылмыскерлер 16 млн теңгені жымқыруға ниеттенген. Олардың 10 млн теңгені қолды қылғаны дәлелденді. Қылмыстық топ қатысушылары жалған тұлғаларға жалақы төлеген, жалған құжат ресімдеген.
Облыстық МКД баспасөз қызметінде ақша «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастарды қаланы көгалдандыру, абаттандыру үшін жұмысқа тарту аясында бөлінген.
Осы іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке 7 адам тартылды.
«Қостанайлық «Жасыл Ел» басшысы мен негізгі орындаушы қамауға алынды, – делінген хабарламада. – 8 млн теңгеден астам қаражат, мүлік тұтқындалды. Мемлекетке 2 млн теңге қайтарылды».