Төлем картасы – төмен бағамен

Қостанайда жол жүру картасының бағасы 290 теңгеге арзандады. Бұған дейін электронды карта құнының 370 теңгеден сатылатыны айтылған еді.
Дегенмен, бұл жеңілдік үлкен жастағы тұрғындарға арналған көк карталарға ғана қатысты. 111223558
Аптадан астам уақыт бұрын қостанайлықтар сауда нүктелерінде жолақы карталарының тапшылығы туралы шағым айтқан болатын. Бұған Alem Pay ЖШС апта ішінде карталардың жаңа партиясы жеткізілетініне сендірген еді. Расымен де сөрелерде төлем карталары пайда болып, құндары да арзандап шыға келді.
Зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына арналған жеңілдік карталарына қатысты мәселе әлі қарастырылу үстінде. Әуелде білім бөлімдері және "Қазпочта" арқылы тегін таратылатыны айтылған-ды. Бірақ кейін билік өкілдері қарттар мен оқушыларға да картаны 370 теңгеге сатып алуларына тура келетінін айтып еді. Ал қазір бұл шешімге қайта үңіліп жатқан сыңайлы, не де болса жеңілдік карталары "Қазпочта" арқылы берілуі керек. Ал ол ақылы әлде тегін бола ма – ол жағы әзірге белгісіз. 
Alem Pay ЖШС Қостанай филиалының директоры Сағадат Ниязбаевтың айтуынша, жоғарыда аталған мәселелер 1 қаңтарға дейін толық шешіледі. Электронды төлем жүйесі әлі де тесттік режимде жұмыс істеп жатыр, құрастырушылар туындаған проблемалардың алдын алумен шұғылдануда.
– Жаңа жылдан кейін бұл жүйе мінсіз, ақаусыз жұмыс істеуі қажет, сол бағытта шаралар қабылданып жатыр, – дейді Ниязбаев. – Егер тұрғындардың карталар, оған теңгерім жүктеу, тіркеу және т.б. сауалдары болса, сауда нүктелерінде кеңес ала алады. Сол жерде сізге көмектесіп, бәрін түсіндіріп береді.
Көлік карталарын MART , KOSTANAY PLAZA сауда орталықтарынан, Орталық әмбебап дүкеннен, Балалар үйінен, “Азия” сауда үйінен (Чернышевский көшесі) сатып алуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓