Шағын аудандардағы қарқын
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қостанай қаласындағы «Әуежай», «Юбилейный» және «Қонай» үш шағын ауданы қарқынды салынып жатыр. «Әуежай» шағын ауданда бюджеттік қаражат есебінен 36 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді (28 үй – несиелік және 8 – жалға беру). Олардың жалпы ауданы 187,1 мың шаршы метрді (2517 пәтер) құрайды. Жыл соңына дейін 22,8 мың шаршы метр болатын тағы 4 көпқабатты несиелік тұрғын үй салу (324 пәтер) жоспарлануда. 2021 жылы аталған шағын ауданда құрылыс аяқталады, 108 пәтерден тұратын бір көпқабатты тұрғын үй салынады. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте осылай деді.
– «Юбилейный» шағын ауданында жалпы ауданы 221 мың шаршы метр болатын 34 көпқабатты тұрғын үй салынды. Жылдың аяғына дейін мұнда жалпы ауданы 39,7 мың шаршы метрді құрайтын 588 пәтер мен 5 коммерциялық үй, ауданы 25,6 мың шаршы метр 436 пәтер үшін 6 бюджеттік үйдің құрылысы (4 жалға беру және 2 несие) аяқталады (4 үй – «БК-Строй» ЖШС және бір үй – ЖШС «РСО-Сәулет»). 2021 жылы аумағы 10 мың шаршы метр болатын тағы 2 көпқабатты коммерциялық тұрғын үй салу жоспарлануда. Осылайша, 2021 жылы қаланың екі шағын ауданының тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталады, – деді Б.Таңжарықов.
«Қонай» шағын ауданында бірінші кезекте жалпы ауданы 97 мың шаршы метрді құрайтын 30 үйдің көп қабатты, жеке тұрғын үй құрылысына 2067 учаске қарастырылып отыр. Ал биыл 885 пәтерге арналған 59,5 мың шаршы метрді құрайтын 19 бюджеттік үйде құрылыс басталды.
– «Береке» шағын ауданының құрылыс аумағы 100 га. Жалпы ауданы 406,7 мың шаршы метрді құрайтын 72 көпқабатты үйді (6 571 пәтер) салу жоспарланған. Бюджет есебінен 16 көпқабатты тұрғын үй салынады (9 қабатты – 5 үй, 5 қабатты – 6 үй, каскадты типтегі – 5 үй). Бюджеттік үйлердің құрылысы 2021 жылы басталады деп жоспарлануда. 2019 жылы «Болашақ» ЖШС жалпы ауданы 15 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысын бастады, ол биыл аяқталады. Жалпы, 2020 жылы осы шағын ауданда 61 мың шаршы метр болатын 9 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Баспана салуды жыл сайын арттырып отырмыз, осы мақсатта 2020–2022 жылдарға арналған жоспарын жасадық, динамиканы жыл сайынғы 10 пайыздық өсіммен сақтаймыз және 1,2-ден млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады, – деді басқарма басшысы.