Жаңа пән енгізіледі

Келесі жылдан бастап 10-11 сынып оқушылары үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты пән енгізіледі. Оған дейін осы тақырыпқа арналған арнайы оқулықты басып шығару жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. жана панҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, жаңа пәнді енгізуге дайындық жұмыстары екі жыл бұрын басталған болатын. Осы уақыттың ішінде бірлескен шаралар жоспары мен арнайы оқу бағдарламасы әзірленді.
"Аталған пәнді келесі жылдан бастап барлық мектептерде енгізу туралы шешім қабылданды. Оған 2 сағат уақыт бөлінеді. Алайда оқушылар ол пәнді меңгере ме, жоқ па, оны өздері шешеді. 10-11 сынып оқушылары кәсіпкерліктің алғашқы негіздерін игере алады. Сөйтіп, нарықтық заманға қажетті қарім-қабілеттерді қалыптастыру жұмысы мектептен бастап қолға алынады", – деді Асылова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Қазіргі жоспарға сәйкес, жаңа оқу жылына дейін барлық мұғалімдер қайта даярлау курстарынан өтеді. Оған дейін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты оқулық та басылып шығады. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің ойынша, жаңа оқулықтың электронды нұсқасы да болуы шарт. Себебі қазіргі жастар ғаламторда жиі отырады. Оған қоса, бизнестің басымдықтары заман талабына сай өзгеріп тұрады. Осыған байланысты жаңа пәннің бағдарламасын үнемі жаңартып отыру қажет.
"Біздің есебімізге сәйкес, екі жылдың ішінде 68 сабақты меңгеріп шығу қажет. Бәлкім, бір сабаққа танымал бір бизнесмен жауап береді. Ондай адамдар өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлікті жүргізудің қыр-сырын ашып берсе екен дейміз. Мектепті бітіргенде әрбір оқушы бір-бір бизнес жобаны ұсынады. Кім біледі, соның ішінде үздік стартаптар болатын шығар", – дейді Жұмағазиев. 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Бұл пәнді қай пəннің мұғалімі сабақ береді?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓