Тәуелсіздік күніне арналған жәрмеңке

Мерекеге арналған жәрмеңкеге бас-аяғы 150 тоннандан астам өнім әкелінді. Облыстың 11 ауданынан 140-тан астам тауар өндіруші қатысты. IMG-20171209-WA0046
Жәрмеңкеге жиналған жергілікті жұртшылық жұмыртқа мен сұйық майға, қант-шәй мен көкөністерге ұзын-сонар кезекке тұрды. Сондай-ақ, бұл жолғы жәрмеңкеде ет сатушылардың табысы мол. Соғым уақыты таяған сайын қалалықтардың жәрмеңкені асыға күткендері байқалып-ақ тұрды. Жылқы мен сиыр еті көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Жылқы еті – 1500, сиыр еті – 1250 теңгеден сатылды. Шошқа етінің келісі 1050 теңгеден, құс еті 700-900 теңгеден саудаланды. 
Жергілікті «Жас Қанат» кәсіпорны мен «Север Птица» АҚ он жұмыртқаны 210 теңгеден сатты.IMG-20171209-WA0053

IMG-20171209-WA0049
Сонымен қатар, қалалықтар балық, шәй, бакалея өнімдерін осы жәрмеңкеден тапты. Жәрмеңке барысын жіті қадалаған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бағалардың құбылмауын бақылауға алу керектігін ескертті. IMG-20171209-WA0043
– Бұқара игілігі үшін жасалып жатқан шара тәуелсіздік күніне арналып отыр. Жалпы, ағымдағы жылы біз облыс бойынша 297 жәрмеңке өткіздік. Осы жолғы жәрмеңкеге 50 млн теңгенің өнімі келді. Оның ішінде 22 тонна ет өнімдері, 8 тонна картоп, 10 тоннадан астам көкөніс және 5 тоннадай қант сөрелерге қойылды. Орташа есеппен бұл өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға кем. Өздеріңізге белгіл, бағаны тұрақтандыру бойынша қор құрдық. Бүгінде қорға 3300 тонна азық-түліктің 19 түрі сатып алынды, -деді аймақ басшысы. IMG-20171209-WA0047
 
Енді жылдың соңғы жәрмеңкесі 23-желтоқсанда өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓