Бар күш – бағдарламаға

танжарык 1

Өңірімізде «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,2 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Оның 237,1 мың шаршы метрі көп пәтерлі және 142,2 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысы болмақ. Бұл жөнінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте баяндады.
– Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 107,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1119 пәтер мен үйлер пайдалануға берілді. Ағымдағы кезеңдегі тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1% құрады (2019 жылдың 4 айы 104,4 мың шаршы метр). Оның ішінде 5,2 мың шаршы метрі сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй (84 пәтер), 16,4 мың шаршы метрі ЖАО облигацияларын шығару арқылы кредиттік тұрғын үй (234 пәтер), 41,5 мың шаршы метрі коммерциялық тұрғын үй (551 пәтер) және 44,5 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысы (250 үй). Тұрғын үйдің басым бөлігі Қостанай қаласы (61,4%) мен Қостанай ауданына (16,5%) тиесілі, олар пайдалануға берілген тұрғын үйдің 77,9%-ын құрайды, – деді басқарма басшысы.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен 18,2 млрд теңге бөлінген. Атап айтсақ, 1,9 млрд теңге (республикалық бюджеттен 1,6 млрд, облыстық бюджеттен 361,5 млн теңге) халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары үшін сатып алу құқығынсыз 7 жалдамалы тұрғын үй құрылысына жұмсалмақ. 108 көп балалы отбасыға пәтер сатып алу мақсатында 900 млн теңге (Қостанай қаласында 100 пәтер және Тобыл қаласында 8 пәтер) қарастырылған. Бүгінгі таңда Қостанай қаласында 657,3 млн теңгеге 58 пәтер сатып алыныпты.
– Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару есебінен 34 көп пәтерлі кредиттік үйдің құрылысына – 8,1 млрд теңге жұмсалады. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қорытындылауға 7,3 млрд теңге бөлінген, бүгінгі таңда Қостанай қаласындағы Қонай және Береке шағын аудандарында перспективалы ғимараттарды су, кәріз, электр, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жалға берілетін 5 көп пәтерлі тұрғын үйді (Амангелді, Денисов, Жітіқара, Мендіқара және Наурызым) қайта құру және Федоров ауданында биыл 2 үй салу үшін ағымдағы жылы 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы аз қамтылған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағыты бойынша несие берілуде. Осы бағытты іске асыру барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қостанай филиалы 1,5 млрд теңгеден астам сомаға 219 өтінімді қабылдады, барлық өтінімдер мақұлданды, – деді Б.Таңжарықов.
Халықты баспанамен қамтамасыз етудің қосымша шарасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелеу аясында жұмыс істейтін азаматтардың тұрғын үй алу мүмкіндігі болып табылады. Өңірлік бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері екінші деңгейлі банктерге 11,5 млрд.теңге сомасына 1 481 өтінім келіп түсті, оның ішінде 7,8 млрд теңге сомасына 1 007 несие мақұлданды. Бағдарлама бойынша облысымызда екінші деңгейлі 7 банк жұмыс істейді («Банк ЦентрКредит» АҚ ҚФ, «Халық банкі» АҚ ҚФ, «Jysanbank» АҚ ҚФ, «АТФ Банк» АҚ ҚФ, «Forte банк» АҚ ҚФ, «Сбербанк»АҚ, «Евразийский банк» АҚ). Өтінімдерді қабылдау бойынша жетекші орынды «Банк ЦентрКредит» АҚ алады. Жалпы, жыл басынан бері 21 мұқтаж азаматқа барлық санаттар бойынша тұрғын үй берілген.
Былтыр Қостанай облысы әкімдігінің республикада алғаш рет «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-мен 3 жылға 350 медицина қызметкеріне жалдамалы тұрғын үй сату туралы келісім жасасқаны мәлім. Алдағы тамыз айында дәрігерлерді баспанамен қамту үшін жеке құрылыс салушылардан тағы 120 пәтер сатып алу жоспарлануда екен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓