ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» онлайн форматта брифинг өтті. Оған Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаев қатысып, "Еріктілер жылы" аясында өңірде атқарылып жатқан  іс-шаралар, алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы баяндады.

bb0cd6ef-3ab1-43ed-96ba-4fdd806ab233

–Бекітілген республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық волонтерлік жобалар 7 бағытта біріктірілген болатын. Ол сабақтастық, саулық, таза әлем, асыл мұра, қамқор, білім және үміт. Аталған бағыттардың ішінен Қостанай облысы өзінің волонтерлік қызметін  «Таза әлем» бағытына арнайтын болады. Бұл  қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалауға, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйретуге бағытталған жоба. Бүгінде "Еріктілер жылы" аясында іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері  235 іс-шара өткізіліп, оған 10 422 адам қатысты. Іс-шаралар жалғыз тұратын қарт адамдарға тұрмыстық көмек көрсетуге, тұрғын үй алаптарының аумағын қардан тазартуға, "BIRGEMIZ" республикалық акциясы аясында мұқтаждарға азық-түлік жеткізуге бағытталған, – деді Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаев.

 Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласында волонтерлік жобаларды үйлестіру мен мониторингілеуді және волонтерлік қозғалысты насихаттау мен дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын республикалық Фронт-офис ашылған болатын. Осыған ұқсас жұмыс Қостанай қаласындағы облыстық жастар ресурстық орталығының жанында жүзеге асырылып жатыр. Облыста шамамен 15 мың адамды  біріктірген  90 еріктілер ұйымы жұмыс істейді.

cbc6a986-f7f9-49bd-80dd-f9371fc3500f  

– "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы аясында 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы жастардың әлеуметтік-қоғамдық қызметке тартылуының үздік нәтижесін көрсетті. Республика бойынша бөлінген квотада 377 студент, Қостанай облысынан жобаға қатысушылардың саны 146 адамды құрады. Биыл  Қостанай облысына 638 квота бөлінді. "Qazvolunteer.kz" сайтында 490 студент және 35 ұйым-алаң тіркелген.Биылғы жылдың 16-сәуірі мен 11 мамыры аралығында Мемлекет басшысының Жарлығымен  елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты   барлық іс-шаралар тоқтатылған болатын.  Алайда,  осы күрделі кезеңде  Жастар саясаты басқармасы Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, еліміздегі төтенше жағдай кезінде аймақтағы еріктілер медициналық мекемелердің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның алдын алу кезінде үйде қалуға мәжбүр болған қарт адамдарға дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын жеткізуге көмек көрсетті, – дейді Марат Кенжебекұлы.
 "BIRGEMIZ" республикалық акциясы ағымдағы жылдың 16 наурызынан 18 сәуіріне дейін жалғасты. Осы кезеңде еріктілер қаламыздағы 5 емханамен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4 мыңнан астам мекен-жайға дәрі-дәрмектер тасымалдаған. Жалпы акцияға бүгінгі күні 300-ден астам еріктілер қатысыпты. Сонымен қатар, волонтерлік ұйымдар  республикалық "Халық" қоры акциясын жүзеге асыруда белсене ат салысудың арқасында Қостанай және Арқалық қалаларының аумағында осы акцияны 140-тан астам ерікті жүзеге асырған.  
Ағымдағы жылдың 7 мамырында Қостанай облысына Түркістан облысынан қырыққабат түрінде 26 тонна гуманитарлық көмек келді. Оны бөлуге және тасымалдауға еріктілер жұмылдырылды. Бұл акцияда 50 волонтер қолдау алған.
Айта кету керек, еріктілер қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Жасыл Ел» бағдарламасын да іске асыратын болады. Оған 76 млн теңге көлемінде  қаражат бөлінген. Абаттандыру шараларын атқаруға 1047 адам қатысады. Кадр жағынан да, қаржы жағынан да әр ауданға тиісті қаражат та бөлінген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓