Бес жарым мың көлік есепке алынды
Қостанай облысының ХҚКО-лары 11 мамырдан бастап жұмысын қайта бастады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету секторларында осы кезеңде 5496 автокөлік есептен шығарылды және есепке қойылды.
«Бүгінде автокөлікті тіркеу рәсімі Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімінде өткізіліп қана қоймай, сонымен қатар облыстың аудандары мен қалаларында мамандандырылған секторлар да ашылды» – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Әшірбеков. Олардың саны – тоғыз. Олар Арқалық, Лисаков, Жітіқара, Рудный қалалары мен Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл, Әуеликөл және Қостанай аудандарында орналасқан. Бұл облыс орталығына бармай-ақ, көлікті есептен шығаруға/есепке қоюға болатынын білдіреді. Сондай-ақ, сол жерден жүргізуші куәлігін де алуға болады. Айтпақшы, ХҚКО ашылған сәттен бастап Қостанай облысының 2842 тұрғыны құжаттар алды.

Жүргізуші куәлігін бірінші рет алуға тиіс адамдарға келетін болсақ, практикалық және теориялық емтихандарды тапсыру үшін Қостанай қаласының ХҚК бойынша мамандандырылған бөліміне келу қажет. Айтпақшы, аталған кезеңде 700-ден астам адам емтихан тапсыруға өтініш берді, оның 400-ден астамы теориялық емтихан тапсырды, 240-ы практикалық бөлімнен де өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімі автомобилистерді тек кезекті алдын ала брондау бойынша ғана қабылдайды. Кезекті Электрондық үкімет порталында, Telegram бот арқылы, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығының кеңесшілеріне хабарласу арқылы брондауға болады. Бару кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска киіп, антисептиктерді пайдалану қажет.