Өрт зардабымен күрес: Әр отбасыға – 1 млн теңгеден

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Аманқарағай ауылында өрттен жапа шеккен тұрғындармен кездесті. Ол жергілікті жұртқа қазір атқарылып жатқан жұмыстар, көрсетілетін көмектер туралы мәлімет берген.Аймақ басшысының айтуынша, табиғи апат салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға арналып салынып жатқан үйлер жайында ақпарат берді.«Баршаңызға белгілі, баспанасынан айырылған тұрғындар үшін 91 үй салу туралы шешім қабылданды. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 13 мердігерлік ұйым айналысып жатыр. Құрылысқа 12 гектар жер учаскесі бөлінген. Су, газ, электр энергиясы тартылып, кіреберіс жолдар салынады. Жаңа үйлер азаматтардың меншік құқығына берілетін болады. Құрылыс жұмыстары өзімнің жеке бақылауыммен, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаумен жүзеге асырылады», – деді әкім.Сондай-ақ үй жануарларының шығыны өтелетін болады . Ол үшін Әулиекөл ауданының әкімдігіне жүгіну қажет. Сол арқылы жергілікті бюджеттен және «Қайырымдылық КZ» қоғамдық қорынан қаражат бөлінбек.«14 кәсіпкерлік нысаны да зардап шекті. Келтірілген залалды өтеу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шығын сомасы анықталғаннан кейін және кәсіпкердің растау құжаттары болған жағдайда ғана өтемақы берілетінін ескертемін», – деді облыс әкімі.
Мұның сыртында, аймақ басшысы «Қайырымдылық КZ» бірыңғай қоғамдық қоры қаражатынан зардап шеккен барлық отбасыға 1 млн теңгеден төлеу туралы шешім қабылданғанын айтты. Құжаттары толық көлемде ұсынылған алғашқы 24 адам 1 млн теңгеден карт-шоттарға ие болып үлгерген.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓