33 жемқор сотталды

Жыл басынан бері Қостанай облысында жемқорлық жасағаны үшін 33 адам сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің облыстық департаментінің өкілдері жария етті. параТоғыз айдағы есеп бойынша, департамент қарауында 194 қылмыстық оқиға болған. Олардың 100-і сотқа жіберілген.
"Тіркеуге алынған қылмыстардың басым бөлігі – парақорлық, бюджет қаржысына қол сұғу, лауазымдық мансабын асыра пайдалануға қатысты. Жемқорлық қылмыс кесірінен мемлекетке келген шығын көлемі 300 млн теңгені құрады", – дейді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің облыстық департаменті бастығының орынбасары Нұржан Шалов.
Айта кетейік, ел тұрғындарының мемлекеттік органдарға сенім білдіру деңгейін анықтау үшін республикада зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сауалнамаға 9 мың адам қатысыпты.
"Азаматтардың пікірінше, жемқорлық терең тамыр жайған мемлекеттік органдар – әскери комиссариаттар, мемлекеттік балабақшалар, азаматтардың хал-ахуал актілерін тіркеу бөлімдері және кеден қызметтері. Бизнесті жемқорлыққа жиірек итермелейтін органдар – жер қатынастары басқармалары, салық органдары, аудандық әкімдіктер, полиция, өртке қарсы қызмет және кеден", – дейді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің облыстық департаменті бастығы Рүстем Болатов.
Биыл парақорлық күрес жұмыстары күшейтілген қарқында жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 33 қылмыскер құрықталса, олардың 9-ы – әр деігейдегі басшылар. Салыстыра қарағанда, өткен жылы бұл көрсеткіш екі есеге жуық төмен болған, яғни тұтылғандар саны 19 адам болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓