Халықаралық ғылыми жарыстарында I дәрежелі диплом

ниш 1111111111111

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева Халықаралық ғылыми жарыстарда I орынға ие болды.

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарысы биыл алғаш рет «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимінде өтті.

Байқауда жас зерттеушілер «Тағам қалдықтарынан пластмассалар жасау» жобасын ұсынды. Дилара мен Сания «Экология және ғарыштық қызмет» секциясына қатысып, онда оқу жылы барысында жасаған жоба бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды.

– Мұғаліммен өткізген сабақтарымызда біз экологиялық проблемаларды жиі талқыладық. Жасанды материалдар болып табылатын және табиғи түрде ыдырамайтын пластмассадан жасалған қоқыс мөлшерін азайту мәселесі бізді қызықтырды. Бір жыл ішінде олар оңтайлы құрамын және өндіріс технологиясын, биопластиканың физикалық және химиялық қасиеттерін – өсімдік топырағында өздігінен ыдырайтын өсімдік қалдықтарынан жасалған материалды табуға бағытталған көптеген тәжірибелер өткіздік, -дейді оқушылар.

– Мен осы тақырыпты қозғаған барысында қыздар үлкен қызығушылық танытқанын атап өткім келеді. Өнімді жасау технологиясы бойынша талдауымыз бірнеше рет сәтсіз аяқталған болатын. Бірақ олардың қайсарлығы мен қажырлы еңбегі нәтижеге әкелді», – деді ғылыми жетекшісі Наталья Науменко.

Жалпы НЗМ желісінен 9 оқушы қатысып, соның ішінде Қостанайдың үш оқушысы қатысып, екеуі бірінші орындарға, біреуі екінші орынға ие болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓