Қазына қаржысына қол сұққан

Қостанай облысында білім саласында жемқорлыққа жол берген екі лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында белгілі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. ФОТО-СОТ-1 (1)Сессия барысында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Костюковтың баяндамасы тыңдалды. Ол облыстық бюджеттің орындалу сапасы, аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне тоқталды.
«Бюджетті жүзеге асыруда 435,8 млн.теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 21,2 млн теңге облыстық ұйымдар бойынша есепке алынды. Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде 833,4 млн теңге ретсіз немесе заңсыз жұмсалған. 1315 құжатты рәсімдеу кезінде тәртіп бұзылған. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын объектілер бойынша 32 заңбұзушылық тіркелді»,- деді Дмитрий Костюков.
Дмитрий Костюковтың айтуынша, қаржылық талаптардың бұзылуына қатысты 10 материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2 аудит нысаны бар.
«Екі лауазымды тұлға әр түрлі мерзімге қылмыстық жауапқа тартылды. Олар 4,7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлағаны және ысырап еткені үшін сотталды. Атап айтқанда «Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 1,1 млн теңгені жымқырса, Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бөбек» балабақшасы 3,6 млн теңгені ысырап еткен. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы және уәкілетті органдар заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты 170 хаттама толтырды», – деді Тексеру комиссиясының төрағасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓