Ақтарылды ән мен күй

ән

Дәл осындай атаумен Аманкелді ауданының ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесінің қарсаңында қасиетті Торғай жеріне және Арқалық қаласына барып, концерттік бағдарламасын ұсынды.  Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров бастаған Торғай елінің халқы жылы шыраймен қарсы алды.
Ауданымыздан барған аудан әкімінің орынбасары С.Хайруллин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Уахитов, Аманкелді селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жанділдин және Нәжібек қажы Оспанов, Рысбике Бимағанбетова, Айтмұханбет Сейдахметов, Қырмызы Құлымбетова, Сайлау Сайділдин сынды бір топ ардагерлер мен өнерпаздар тарихтың өткені мен бүгінін жалғап отырған Жанкелдин ауданының орталығында орналасқан тарихи мұражайларды аралап, рухани асыл қазыналармен, мәдени құндылықтармен танысты. Сонымен қатар, Сапар Ахметов, Зәкір Сейдин, Бимырза Нұрсейітов сынды ауданымыздың зейнеткерлері де қатысып, концерттік бағдарламаны тамашалап қайтты. Кеште облыстық "Алтын микрофон" байқауының дипломанттары, облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің  лауреаты "ЕркеНаз" би тобы, "Ақжайна" әжелер ансамблі, "Торғай әуендері" фестивалінің лауреаттары өнер көрсетті. Әсіресе еңбек ардагері, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, сексеннің сеңгіріне шыққан Нәжібек қажы Оспанов атамыздың әніне қол соқпаған көрермен қалмады.
Кеш соңында Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов және Жанкелдин ауданының құрметті азаматы Қабжәлел Әлібек қажы өнерпаздарымызға ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетіп, аудан халқына мәдени демалыс сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізсе, Арқалық қаласында өткен концертте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алматова, Арқалық қаласының құрметті азаматы Жұмағали Өмірбеков те дәл осындай жылы лебіздерін білдірді.     
Өнерге құштар балалардың бойындағы шығармашылық, орындаушылық қасиеттерін дамытып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған осындай игі шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегіміз бар.
 Б.ТЕМІРБАЙ.
Аманкелді ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓