Библиографиялық әдебиет көрсеткіші

с книгой по жизниЛ. Толстой атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі Қостанай облыстық кітапхана ісінің 120 жылдығына орай кітапхана облыстық мәртебе алған сәттен  бастап (1936 ж.) оған жетекшілік еткен директор- ларға арналған әдебиеттің тақырыптық көрсеткішін дайындады.    
Ұсынылып отырылған көрсеткішке төрт директордың: Е.М. Петрушинаның, А.П.Вертинскаяның, В.А. Кимнің, Г.Ғ.Қазинаның есім-дері енгізілген. Оларды Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапхананың тарихында қалар елеулі оқиғаларды өмірге әкелген тұлғалар деуге болады. 
Тақырыптық көрсеткіш Л.Н.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК кітап қорының негізінде құрастырылған. Аталған көрсеткішке кітаптардан, журналдардан, газеттерден алынған мақалалар енгізіліп, олар  әліпбилік ретпен берілген.
Көрсеткішке арналған материалды жинау 2014 жылдың қыркүйегінде аяқтал-ған. Көрсеткіштегі мәліметтер қазақ және орыс тілде-рінде берілген. Құралдың  атаулы көрсеткіш және дереккөздер тақырыбы секілді көмекші көрсеткіштері бар. Көрсеткіш жалпы оқырман қауымға арналған.
Көрсеткіш материалы кітапхананың www.kstounb.kz  сайтында орналастырылған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓