Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?
Қазақтың дастарханы ұлттық тағамдарға бай. Қоспасыз, табиғи құнарлы тағамдарды тұтынған ата-бабамыздың дені сау, күш-қуаты мол, қайратты болғаны да сондықтан. Халқымыз "ақты төкпе, малдың желіні кетеді" деп сүтті ерекше қадірлеген. Соның ішінде сүттен жасалатын құрттың ағзаға пайдасы шаш етектен.
Құрт қой, сиыр сүтінен жасалады. Құрт жасау үшін ашыған сүтті ағаш кеспекке құйып, бірнеше күн іркіт жиналады. Дайын болған іркітті таза қапшыққа салып сүзіп қояды. Сары суы әбден сорғыған соң оны алақан-ға салып әртүрлі кескінде домалақ, ұзынша етіп құрт жасайды. Дайын болған құртты шыптаға, жоғары жерге немесе өреге қойып кептіреді.
Құрттың дәмі ащы болғанымен жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құртты тамақ есебінде әрі шөл басуға да қолданады.
Құрт ақуызға бай, құнарлы, тоқ тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Құрттың құрамы тағамдық биологиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәрумендерден құралған. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі – 370,1кк. 100 грамм құртта 3 грам-ға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәру-мендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Дәрігерлердің айтуы бойынша, кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады.