Ойлы кітап – оқырман олжасы

Бір мұқабада, қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген қос кітаптың ұжымдық авторлары көрнекті қаламгерлер Олжас Сүлейменов, Нұртөре Жүсіп, Мыңбай Рәш, Жұма-Назар Сомжүрек, Мырзан Кенжебай, Лилия Петрова, Роза Тұмыш, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Парламент депутаты Шалатай Мырзахметов сынды тұлғалар өмірден тым ерте озған Данияр Сәбитұлының қысқа да болса мағыналы өмірін, асқан қайырымдылығын баяндай отырып, өмірдің мәні жайлы толымды ой толғайды.
Оқыған жанды бей-жай қалдырмайтын бұл ойлы кітап – оқырман олжасы.