Қасиетті тұғырым немесе туған тіліме

Алып күші, мақтанышы халқымның,
Тіл төресі інжу-жақұт, алтынның.
Тіл төресі қазақ атты алыптың,
Тіл төресі мынау жүрген жалпыңның!
Тілім менің Абай сүйген ұлы тіл,
Тілім менің Мағжан күйген ұлы тіл.
Тілім менің Мұқағали мұңайып,
Сәкен сыршыл сан мың ойды түйген тіл!
Тілім менің Төле бидің қаруы,
Тілім менің арулардың аруы.
Тілім менің сан мың ұрпақ намысы,
Нұртуғанның жырға қосып салуы!
Тұғырым тілім, қасиетім асқан алыбым,
Тұғырым – тілім жүз жасқа жеткен Жамбылым!
Тұғырым – тілім, қазақы тілім, тірегім,
Тұғырым – тілім, басылмас алып дауылым!
Өшпесін тілім, жаңғырсын, жансын, лауласын,
Жүрегі жібіп, шаласын әркез баурасын!
Тұғыры биік, абыройы асып, марқая,
Жығылмай ылғи, билесін биік тау басын!
Жалында, жаса, қазақы тілім, жас тілім,
Егіз боп өссін көненің көзі бас дінім!
Егемен елдің мақтаны болғын ғасырлық,
Аяулы менің, ардақты, асыл бас тілім!
Гүлмира Балапашева,
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Рудный қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓