“Қаншеңгел” дауы
9 ақпан күні Астана қаласындағы «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубында "Қаншеңгел" термесі төңірегіндегі мәселелер талқыға алынды. Бұл туралы "Руханият орталығының" фейсбуктегі жеке парақшасында жазылады.

«Қаңшеңгел» поэмасы: авторы кім? Деректі бұрмалау – тарихқа адалдық па?» тақырыбында өрбіген пікірталасқа Қостанай, Арқалық қалалары мен Аманкелді ауылынан әділдік іздеп келген зиялы қауым өкілдері Астанадағы ғылыми-шығармашылық топтан төрелік сұрады.

Түйткілі көп түйінді шешуге арналған жиын барысында «Қаншеңгел» поэмасының авторы, ақын Хамитбек Мұсабаев, поэмаға ән жазған композитор, жыршы Нағашыбай Алпысов, толғауды орындаушы, жыршы Абзал Алпысов, Торғай өлкесінің әдебиеті мен мәдениетін зерттеп жүрген профессор Айбек Қалиев, жас зерттеуші Батырлан Сағынтаев деректі, дәйекті және ғылыми-теориялық пікірлерін ортаға салып, қарсы тарап өкілдерінің уәждеріне қисынды қарсылық білдірді. Жиынға қатысқандар арасында белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы болып, түйткіл төңірегіндегі ойын ортаға салды.


Суреттер "Руханият орталығының" фейсбуктегі парақшасынан алынды