“Салауатты қала”

Міне, осындай ұранмен бүгін “Мархабат” қоғамдық қоры акция өткізді. Шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын өз денсаулығына жауаптылықпен қарауға, өз еркімен салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
IMG_1752сОблыс орталығындағы IMG_1730с“Қазпошта” ғимаратында ұйымдастырылған акция барысында тұрғындар қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтауға мүмкіндік алды. Бұл тұрғыда қаламыздағы №2 емхана мен медициналық колледждің студенттері оларға тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ, мамандар тұрғындарға қант диабеті, бронхиалды демікпе, қан қысымы мен жүрек аурулары, балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік, онкологиялық аурулар туралы, осы дерттердің алдын алу жайлы медициналық кеңестер беріп, тегін брошюролар таратты.
 
Қарлығаш Оспанова
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓