«АНТИ КОР» ОРТАЛЫҒЫ  АШЫЛДЫ

Қостанайда тұрғындарды толғандырған кез келген мәселе бойынша құқықтық көмек беретін, сондай-ақ, жемқорлық індетін жоюға ынталы көпшілік бас қосатын қоғамдық орталық ашылды. Мұнда, сонымен қатар, арнайы мониторинг кеңсесі, бюджет картасы орналасқан. Енді азаматтар облыс қаржысының қандай мақсаттарға, қалай жұмсалып жатқанын «Анти Кор» орталығына келіп біле алады. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов қатысты. IMG_0209Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы: – Бұл орталық мемлекеттік қызметші мен халықтың арасындағы байланысты нығайтуға жасалған үлкен қадам. Мемлекет басшысы сәуір айындағы Жолдауында атқарушы билік пен құқық қорғау органдарына ашық қоғам қалыптастыруды ілгерілету, халық мұқтажына жедел көмек қолын созу туралы міндет жүктеген болатын. Бұл орталық   тұрғындарға   құқықтық көмек беруді көздейді. Бүгінде біз «open spase» тәжірибесін енгізіп жатырмыз. Қазір облыста 49 ашық кабинет жұмыс істейді. Бұл барлық аудандарда бар. Біз «Қостанай адалдық алаңы» жобасы аясында Қостанай қаласы, Қостанай ауданында фронт-кеңселер ашып жатырмыз. Ең бастысы, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді, – деді.IMG_0225
 
IMG_0241Орталықтың ашылуына қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Қуаныш Жапақов бүгін Рудный қаласына барып, дәл осындай «Анти Кор» қызмет орталығының ашылуына қатысты.  Агенттік аппаратының басшысы одан кейін кеншілер шаһарының жастарымен кездесіп, «Студенттердің қызмет көрсету орталығы» жобасымен танысты.IMG_0333
 
IMG_0304Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓