КВИ-дан бір адам көз жұмды
Жедел штабтың мәліметінше, көз жұмған жітіқаралық 55 жастағы әйел “Жітіқара аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған болатын, өйткені ол бұрын осы ауру анықталған науқаспен бір подъезде тұрған көрінеді.
-Әйел бірінші сатыдағы сүт безі ауруы бойынша онкодиспансерде Д-есепте тұрған. 23 мамырда ПТР сараптамасы оң нәтиже көрсетті. 2 проекцияда өкпенің рентгенографиясы жүргізілді. Қорытынды – екі жақты полисегментарлы пневмония, – деп түсіндірді штабта.
Дене қызуының көтерілуі, тамақтың құрғауы мен қышуы, терең тыныс алудың қиындауы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сирек жөтел сияқты белгілермен жағдайы нашарлаған сырқат Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне жеткізілген. Трахеаға интубация жүргізу кезінде жағдайы күрт нашарлап, осыған байланысты жүрегі тоқтап қалған. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде өткізілді. Өкінішке қарай, науқас 25 мамырда қайтыс болды.
Штабта түсіндірілгендей, арнайы құрылған комиссия КВИ-ден болған өлім жағдайын зерттеумен айналысуда, олар медициналық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеп, өлімнің себептерін анықтауда.