COVID-19: тағы да 4 жағдай
Қостанай облысында коронавирус инфекциясының төрт жағдайы тіркелді (26.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).
Індет жұқтырып алғандардың үшеуі әйел және бір ер адам. Пациенттердің жасы 23-тен 83-ке дейін. Жітіқара, Қостанай қалаларының және Қарабалық ауданының тұрғындары. Барлығы бұрын ауырып қалған пациенттермен жақын байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша аталған адамдарда COVID-19 нақтыланды, олар облыстың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.
Науқастармен байланысқан адамдар да анықталуда, медициналық бақылауға алынып жатыр. Аурудың ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
Жалпы, облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен 131 адам анықталды.