Пайда ойлама, ар ойла…

Ел аумағында төтенше жағдайдың тоқтатылуын халық арқаны кеңге салу деп ұққан сыңайлы. Өйткені, COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны сәт санап ұлғайып барады. Бұған ҚР Президенті Қ.Тоқаев назар аударып, алдын алу шараларын күшейтуді нықтап тапсырып отыр…c489fd52-434a-4dc2-bd6d-326b4cf3bb6b
Мемлекет басшысы "Твиттер" желісіндегі парақшасында қауіпсіздік талаптарына шекеден қарау белең алғанына алаңдаушылық білдіріп, жазба қалдырды.
"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан, індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", – деп жазды ол.
Соңғы мәлімет бойынша, ел ішінде індетке шалдыққандар саны 9 мыңға жуықтаған. Қостанай облысында да науқастар тізімі қысқарар емес. Күні кешегі ақпаратқа сүйенсек, өңірде кесел жұқтырған адамдар саны 127-ге жетіпті. Сондықтан, карантиннің кезең-кезеңімен жеңілдетілуі індеттің алдын алуға бағытталған әрекеттерді күшейтуге итермелеп отыр. Мұндай іс-шаралардың бірі – халыққа қызмет көрсетуге кіріскен нысандарға күн сайын тексеру жүргізу.IMG_8792
Мәселе, кеше кешкі сағат 21.00-де 25 мамырдан бастап жұмыс істеуге рұқсат алған кафе, мейрамханаларда карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мониторингтік топ рейдке шықты. Топ құрамында облыс, қала әкімдігі, прокуратура, жергілікті полиция, СЭС, өңірлік БАҚ өкілдері бар.IMG_8811
Қызметін жалғастыруға мұрсат берілген бизнес нысандар қатары ұлғайтылды. Дегенмен, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында белгілі шектеулер, ескерілуі тиіс міндеттемелер бар. Ал оны орындамау жауапкершілік жүктетуі мүмкін. Мәселен, кафе-мейрамханалар 30 шақты ғана адам қабылауы тиіс. Сондай-ақ, келушілер 2 метр қашықтықтықта отырғызылуы шарт. Мұны нысандар қаншалықты сақтап жатыр? Заңдылықты қадағалау мақсатында мониторингтік топ Қостанай қаласындағы бірнеше нысанды аралады.IMG_8771 Ең әуелі "Турист" караоке барына бас сұққан топ мүшелері қаулы талаптарына қайшы келетін жағдайда жұмыс істеп жатқанын әшкереледі. 70 адамға шақталған нысанда бір мезетте 30-дан әлдеқайда көп адам қабылданған. Бар қожайынынан түсініктеме алынды. IMG_8731IMG_8740IMG_8763Ол сот қарауына жіберіліп, айыпты кәсіпкерге тиісті жаза тағайындалмақ. Топ мүшелері бұдан әрі "Медеу" қонақ үйіне, "Тобыл", "Глория", "Грант" мейрамханаларына барды. Бұлардың көбінде тәртіп барынша сақталған. Енді бірі қызметіне әлі толық кіріспегенге ұқсайды – келушілер саны тым аз.IMG_8772
IMG_8786IMG_8789IMG_8812IMG_8813Мониторингтік топ өкілдері рейдтік шараларды күшейте түспек. Мүмкіндік болса, тексеру шараларын тәулігіне екі мезгіл өткізуге даяр.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓