COVID-19: тағы да 5 жағдай
Қостанай қаласында COVID-19 ауруының тағы 5 жағдайы тіркелді (25.05.20 жылғы мәлімет бойынша).
82 Қазақстан азаматы 2020 жылдың 24 мамырында “Қайрақ” автоөткелінде шекарадан өткен. Бұл тұлғалар Мәскеуден автобуспен келген. Коронавирустық инфекцияға анализді алғанға дейін келгендер карантиндік стационарға жатқызылды. COVID-19 бес адамда – 1963, 1965, 1966, 1999 жылғы ер адамдар мен 1973 жылғы әйелде расталды. Аталған тұлғалар ҚР басқа өңірлерінің тұрғындары. Пациенттердің бәрі Қостанай облысының жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды, ол жерде бекітілген хаттамаға сай ем алып жатыр.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады. Бүгінгі күні Қостанай облысында коронавирус инфекциясының 127 жағдайы тіркелді.