Мақсат – заңсыздық жолын кесу

Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ТЖ режимінде аймақта ақбөкен популяциясын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Облыс полицейлері жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын қатысты 246 құқық бұзушылықты анықтады.ec6bb733-04bc-4993-91b4-29ad787fa601Іс-шаралар Амангелді және Жангелдин аудандарының орман және аңшылық шаруашылығы, аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Қостанай облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Талғат Ахметов полицейлердің тынымсыз еңбегінің арқасында облыста браконьерлік деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Полиция қызметкерлері аң аулайтын шаруашылықтарда, жануарлардың төлдеуі өтетін киіктер мекендейтін жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл жұмысқа екі "Патриот", үш "Шевроле нива", екі "Хайлюкс" және екі УАЗ көілктері жұмылдырылған.4f33c63a-1f64-4411-a396-6668498d23e6– Мобильдік топтар Қостанай облысының шекарасы бойымен Қарағанды және Ақтөбе облыстарымен ақбөкен мекендейтін 4 мың километрден астам аумақты зерттеді. Бұл негізінен ақбөкеннің бетпақдала популяциясының тіршілік ету ортасы, – дейді Ахметов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, киіктің төлдеуі Торғай аймағының аумағында өтеді. Биыл облыста коронавирустың таралуына байланысты көктемгі аң аулау ашылмады. Маусым айының басында терісі бағалы аңдар мен құстардың кейбір түрлеріне аң аулау басталады. Бұл суырдың, Куликтің, содан кейін интурохот (трофея), одан әрі күзгі аңшылыққа ұласады. Сондай-ақ қыркүйек айынан тұяқты жануарларды аулау басталады.
Қазіргі уақытта полицейлер 6 қылмыстық істі, оның ішінде Алтынсарин ауданында ағаштарды заңсыз кесу бойынша біреуі ж7650883c-9dfb-451d-8385-00201ee472ddәне заңсыз аң аулау бойынша 5 қылмыстық істі тергеуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ақбөкен мүйіздерін интернет арқылы сатқан құқық бұзушыларды құрықтады.
Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 246 құқық бұзушылық тіркеліп, 2 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓