Алаяқ жазасын алды

Лисаков қалалық сотында алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша М-ға қатысты сот үкімін шығарды. Ол алаляқтықтың сегіз фактісін жасап, қала тұрғындарын 100 000 теңгеден астам қаражатқа шығын келтіргені үшін айыпталған болатын.сот
Еш жерде жұмыс істемеген азаматша М. Таран ауданының Варварин ауылындағы кен байыту компаниясының кадр бөлімінің қызметкері ретінде жәбірленушілермен танысып, өзінің жұмысқа орналасуға ниеті бар адамдарды іздеп жүргенін айтқан. Таныстары арқылы жалған ақпаратты таратқан әйел, компанияда жалақысы жоғары жұмысқа – жүргізуші, тракторшы, машинист, т.б. жұмыскерлерді  қабылдайтындығы туралы мәлімдеген.  Алайда жұмысқа тұру үшін арнайы куәлік, медициналық анықтама, арнайы киім алу үшін ақша тапсыру керектігін айтып, жұмыс іздегендерден  қомақты қаражат жинап, өз қажетіне жұмсап отырған.  
Сот үкімімен азаматша М. ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлімінің 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеп, үш жылға бас бостандығын шектеу, екі жыл мерзімге материалдық жауапкершілік берілетін қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.         
Жаза мерзіміне пробациондық бақылау бекітілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓